«Қазақстанның 100 жаңа есімі»

«Тәуелсіздік — ұлы ұғым» презентациясы Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысқан жастарымыз туралы ақпарат берілді.

Жоба Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылы жүзеге асырыла бастаған болатын. Елбасының пікірінше, жастардың тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өсуі үшін олардың өз мүмкіндіктері мен уақытын тиімді пайдалану маңызды.

Жоба жеңімпаздарының арасында әртүрлі мамандықтағы жастар – спортшылар, ғалымдар, агрономдар бар, олар өз отанында да, шетелде де табысқа қол жеткізді. Ол мүгедектер арбасынан тұрып, жүздеген адамдарға көмектескен мықты талдықорғандық Елдос Баялышбаевтың, жас инженер Санжар Тайжанның, шахтер, спортшы Даниель Дилдің, музыкант, жерлесіміз Алексей Лодочниковтың, Қостанай УП патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция лейтенанты Амантай Байжановтың, қазақстандық диджей және музыкалық продюссер, «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтің тағы да басқалардың тарихы.

Комментарии запрещены.