14 қараша күні №5 орта мектептің 8 «а» сынып оқушылары үшін «Теңге – мемлекеттің символы» атты ақпарат сағаты өткізілді. Әңгіме барысында балалар мемлекет егемендігінің маңызды нышандарының бірі – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық валюта екенін білді. Сондықтан кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінін және болашағын бейнелейді. Мұны «Ақша қалай пайда болды» атты бейнеролик те дәлелдеді. Одан кейін «Қазақстанның ұлттық валютасы күні» атты слайд-презентация фонында қазақстандық теңгенің шығу тарихы туралы әңгімеленді. Бағдарлама барысында «Ақшаны Қазақстанда қалай жасайды», «Қазақстанның жаңа банкноттары» атты бейнероликтер көрсетілді; «Мақалды жалғастыр», «Жалпы ұғыммен біріктір», «Жұмбақ-әзілдер», «Түсіндірме сөздік», «Сұрақтарға жауап бер» сияқты конкурстар өткізілді. Іс-шара соңында «Блиц-сұрақ» атты виртуалды викторинамен аяқталды.















