30 қазан күні Павлодар қаласының Орталық балалар кітапханасының коворкинг орталығында № 19 мектеп 5-6 сынып оқушылары үшін «Тазалық –таза баланың досы» атты ойын-сайыс бағдарламасы өткізілді.
Жүргізушілер Кірқоймас, дәрігер және кітапхана оқырманы 6 сынып оқушысы Әдилхан Хайруллиннің кірқожалақ бала Жомарттың рөлін ойнаған «Кірқоймас» ертегісіндегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп театрландырылған қойылым көрсетілді. Балаларға тазалық гигиенасы ережесі туралы әңгімеленді. Кірқожалақ Жомарт өзінің рөлімен және түрімен балаларды күлдіріп, көңілдерін көтерді. «Денсаулық-зор байлық» бейнеролик көрсетілді. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, өз ұрандарын айтып, белсенді түрде ойынды жалғастырды. «Тазалық заттарын табу» бөлімінде оқушылар корзинадан тазалық заттарын іздеп, тауып, таныстырды. Келесі «Жалғасын тап» бөлімінде тазалыққа, денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер жалғасын тапты. Осы тақырыпқа байланысты тақтада жазылған ребустар шешілді. «Денсаулық алақанда» атты бөлімде балалардың көздерін байлап тазалыққа жататын заттар арасынан қажет затын тауып алды. «Тазалық-саулық негізі» атты сөзжұмбақтар сайысы өте қызықты өтті.
«Тазалықты сақтайық мультифильмінің көрсетілімі және жалпы іс-шара балаларға ұнады. Шараға барлығы белсенді қатысып, балалар өздеріне күш қуат алды.
«Тазалық-таза баланың досы» атты суретті кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Шара соңында кірқожалақ рөлін ойнаған Әділханға кітапхана ұжымы атынан шағын сыйлық берілді.