«Тәуелсіздік таусылмайтын жырымсың!»

«Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 2020 жылдың 17 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін «Тәуелсіздік таусылмайтын жырымсың!» атты онлайн эссе байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:
— қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
— адамгершілік-патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу;
— проза саласындағы дарынды балаларды анықтау

Талаптар:
— байқауға Павлодар қаласының 14 жастан және жоғары жастағы қатысушылар онлайн — форматта қатыса алады;
— байқау жұмыстары 2020 жылдың 17 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін қабылданады;
— 10 желтоқсанға дейін «Эссе конкурсы» деген белгімен cbs db3@mail.ru электронды поштасына жіберіледі;
— бір қатысушыдан бір ғана эссе ұсынылуы мүмкін;
— конкурстың қорытындысын шығару үшін әділ қазылар алқасы құрылады;
— конкурсқа ұсынылған эсселер тақырыпқа сәйкес келу керек:
а) байқау тақырыбы;
б) автордың жеке позициясын көрсету;
в) автор өз пікірін ашып көрсету.

Марапаттау:
— марапаттау жас санаттары бойынша өтеді:
а) 14 жастан 18 жасқа дейін
б) 18 жастан 29 жасқа дейін
в) 30 жастан бастап және одан жоғары
— байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады;
— жеңімпаздар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады.

Ұйымдастырушылар:
«Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Байланыс телефондары: Калиева Динара Амангельдыевна – 87052384176
Мамбетова Ләззат Сайлауовна — 87051296181
Темирханова Самал Турсумбаевна — 87772491222

Комментарии запрещены.