«Тарихтың ащы шындығы»

Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Бұл Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен жан түршігерлік ашаршылық.
Осыған орай 2022 жылдың 30 мамырында № 8 балалар кітапханасында «Тарихтың ащы шындығы» атты ақпараттық сағаты өтті. Балалар кітапханашының Қазақстандағы қуғын-сүргін туралы әңгімесін тыңдады, халықтарды Қазақстанға депортациялау туралы бейнероликті тамашалады.
Іс-шараның мақсаты – балаларды мемлекетіміздің 1920-50 жылдардағы ең қасіретті кезеңдерінің тарихымен таныстыру және қазақ халқының тарихи өткеніне құрметпен қарау.

Комментарии запрещены.