«Тарих беттерін парақтай отырып»

06.04.23 Орталық қалалық кітапхана облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің алғашқы шығарылымының 105 жылдығына орай «Тарих беттерін парақтай отырып» тарихи жылнамасын өткізді. Іс-шараға «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы Владимир Долгушев, «Звезда Прииртышья» газетінің жауапты хатшысы Татьяна Сартакова, «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы Құралай Шаяхметова, сондайақ ПМУ студенттері қатысты. Іс-шара барысында газеттің тарихы, 1918-1963 жылдардан бастап газеттің атауы қалай өзгергені туралы айтылды. Журналистер мамандыққа қалай келгендері туралы қызықты әңгімелер айтты. Студенттер өздерін журналистиканың қай саласында көретіндері туралы өз жоспарларымен бөлісті. Журналистер студенттердің сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді. «Звезда Прииртышья» газеті туралы бейнероликтер көрсетілді.

Комментарии запрещены.