«Таланттарының өшпес нұры»

26.01.2024 ж. №2 балалар кітапханасында № 25 ЖОББМ 7 «А» сыныбының оқушыларына арналып «Таланттарының өшпес нұры» атты библиография күні өткізілді. Іс-шараға көлемді аттас кітап көрмесі дайындалды. Оқушылар ақын, мемлекет қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының негізін қалаушы Сәкен Сейфуллинге арналған «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» әңгімесін тыңдады. Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы «Әбдіжәміл Нұрпейісов-халық жазушысы» жедел ақпаратын, «Үш мәдениеттің тұлғасы-Герольд Бельгер» әңгімесін естіп, «Әбіш Кекілбаев: шығармалары» шолуымен танысты. Балалар белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Кездесу пайдалы, қызықты өтті.

Комментарии запрещены.