2023 жылғы 18 қаңтар күні сағат 15.00-де Орталық қалалық кітапхананың О. Сүлейменов атындағы оқу залында Павлодар облысының құрылғанына 85 жылдығына «Тағылымды тарих беттері» атты тарихи кеш өтті.
Аталмыш шараға Сабданбекова З. Ә. профессор, т.ғ.к., Құдабаев А. Ж. профессор, Е. Бекмаханов атындағы өлкетану зерттеу орталығының директоры, Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Қалымқұлов Р. Т., Павлодар география үйінің директоры Вервекин А. А. сонымен қатар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қала мектептерінің 9-11 сынып аралығындағы 120-дан астам оқушылар қатысты. «Туған өлке – тұнған шежіре» атты кітап көрмесі,
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Ertis» музей бөлімшесінен алынған экспонаттарынан «Ертіс өңірінің тарихы» фото көрмесі мен Павлодар қаласындағы балалар көркемсурет мектебі оқушыларының «Керемет Павлодар өңірім» атты көрмелері ұйымдастырылды.
Шарада шақырылған қонақтар Павлодар облысының тарихын, тарихтағы өлкетану оқулықтарына ежелгі тас, қола, темір дәуірден қазіргі дәуірге дейінгі өлкетану кезеңдерінде біздің өлкеде өмір сүргендерін білдіретіні туралы және Аққулы ауданында бұдан 1 миллион 800 мың жыл бұрын өмір сүрген жануарлардың қаңқасы мен сол жылдарда адамдардың пайдаланған заттар табылғаны туралы көптеген ақпараттар берді. Сонымен қатар 1938 жылы 15 қаңтар күні Павлодар облысы статусы қалай берілгені жөнінде де тоқтала кетіп, егемендігіміздің арқасанда Павлодар облысындағы жер атаулары қайтадан қайтарылып беріліп жатқандығы, облыс экономикасы мен мәдениеті туралы да айта кетті.