«Қасым қажыны білетіндер бар ма?»

18 қаңтар күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында «Қасым қажыны білетіндер бар ма?» атты дөңгелек үстел өтті. Шара «Туған жерім – қасиетті мекенім» жобасы аясында және «Кешкі кітапхана» жобасы аясында елге танымал тұлғалардың, жерлестердің есімдерін кеңінен насихаттау, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында өтті. Әбу Бәкір Сыддық атындағы медресе шәкірттері және
Павлодар ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сорокина М.А. Павлодар ауылының тумасы Қасым Мұстафаұлы Ертісбаевтың өмірбаянымен танысып, Қасым қажының ағартушылық қызметіне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Комментарии запрещены.