Сыр сандық

25 қыркүйекте  кітапхананың оқу залында № 2 орта мектептің 7 сынып оқушыларына  журналист, ақын Шолпан Байғалы мерейтойына арналған «Сыр сандық» атты шығармашылық кеші өткізілді. Қонақ өзінің балалық шағы туралы естеліктерімен, 7-сыныпта оқып жүргенде жазған алғашқы өлеңдерімен бөлісті, шығармашылығы туралы айттып берді. Кітапхана ісінің ардагерлері Ахметова Қ. К., Жармағамбетова А. Қ. және  оқушылар Шолпан апайды мерейтойымен құттықтады. Балалар ақынның «Қоңыр күз», «Көк туым» өлеңдерін оқып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Музыкалық құттықтау сөзімен апалы-сіңлілі Головчук Вера мен София «Балбарауын» және «Адай» күйлерін орындады. Шолпан Байғалы өз өлеңдерін оқып, балаларға ана тілін білуге және сүюге, жақсы оқуға, өз елінің патриоты болуға тілек білдірді.

Комментарии запрещены.