«Сыпайылық – адамгершілік айнасы»

23 ақпан күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Ұлттық тәрбие оратылығының жұмысы шеңберінде № 19-ші ЖОББМ-нің 8  сынып оқушылары үшін «Сыпайылық – адамгершілік айнасы» тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында сыпайылық туралы айтылды, балаларға ар-ұят, ізгі ниет, адам бойындағы жақсы және жаман істер туралы сұрақтар қойылды. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, өз ойларын білдірді. Іс-шара қонақтары, «Сағым жылдар» ансамблі тобының мүшелері өз кезегінде балаларды тыңдап, өз кеңестерін берді. Сонымен қатар, «Әке қадірі» бейнефильмі көрсетілді, оны көргеннен кейін балалардың пікірлері тыңдалды. Іс-шара соңында жұмбақтарды шешу, тәрбие туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру бойынша ойындар өткізіліп, түрлі ситуациялық тапсырмалар ұсынылды.

Комментарии запрещены.