«Сұлтан Бейбарыс туралы тарих»

26 қаңтар күні 6 сынып оқушылары үшін №4 балалар кітапханасының кітапханашылары №2 орта мектептің кітапханашыларымен бірлесіп, Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Сұлтан Бейбарыс туралы тарих» атты тарих саяхатын өткізді.
Сұлтан Бейбарыс — Египет тарихындағы ең танымал билеушілердің бірі. Кітапханашылар өз әңгімелерінде болашақ билеушінің қыпшақ тайпасынан шыққан түрік екенін айтты. Бала кезінде тұтқынға алынып, құлдыққа сатылып, жауынгер, қолбасшы бола білді, Бейбарыс даңқ шыңына жетіп, Египеттің билеушісі болды. Балалар «Сұлтан Бейбарыс» анимациялық фильмін тамашалады. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған шолу жасалды.

Комментарии запрещены.