«Сүйікті ертегіші»

29 наурызда «Балалар кітабы және музыкасы апталығы» аясында жазушы Шарль Перроның 395-жылдығына орай N96 балабақшаның даярлық «А» және «Б» топтарының бүлдіршіндері үшін «Сүйікті ертегіші» атты ертегі дилижанс өткізілді. Балалар Ш.Перроның ертегілерін тамаша білетіндерін көрсетті. Олар «Ертегіні тап» викторинасының сұрақтарына дұрыс жауап берді, «Назар аударатын ертегі», «Ертегінің атын есіңе түсір», «Ертегі марафоны», «Кейіпкерден телеграмма» әдеби ойындарына қатысты. Кітапханашы «Ертегілер елінде қонақтамыз» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Комментарии запрещены.