«Сөз зергері — Ғабит Мүсірепов»

2022 жылдың 17 наурызында №4 көпшілік кітапхана қызметкерлері №18 ЖОББМ-нің мектеп кітапханасында кітапханашы Гүлбаршын Капаровна Беисовамен бірлесіп 1 сынып оқушылары үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына арналған «Сөз зергері — Ғабит Мүсірепов» ақпаратын өткізді.

Мақсаты: Жазушы жайлы білетін мәліметтерді қорыта отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

Алуан түрлі жанрда шығармалар жазған қаламгердің әдеби мұрасынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. №4 көпшілік кітапхана меңгерушісі Мухтарханова Гүлнар Декдарбекқызы балаларды жазушының өмірі және шығармашылығымен таныстырып өтті. Оқушылар ақын әңгімелері негізінде құрылған викторинаға қатысты. Білімімен және белсенділігімен көзге түскендерге кітапхана атынан сыйлық берілді. Қатысқандар – 30 адам.

Комментарии запрещены.