«Соқпақбаев шығармаларындағы балалақ шақ әлемі»

28 наурыз күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар  кітапханасының қызметкерлері көктемгі демалыс күндері  «Балалар кітабы апталығы» аясында Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББ мектебінің 5 сынып оқушыларына «Бір ел — бір кітап» акциясына орайластырылған  «Соқпақбаев шығармаларындағы балалақ шақ әлемі» әдеби сағатын өткізді. Іс-шараның барысында қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы, оның шығармалары туралы әңгімеленді. «Менің атым Қожа» атты фильмінен үзінді көрсетіліп, «Жекпе-жек» повесі бойынша аудиокітаптан үзінді тыңдалып, «Балдаурен жыршысы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханашы оқушыларды Б. Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға шақырды.

Комментарии запрещены.