«Шыншыл бала»

10.11.2023 ж. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Аққулы ауданының Құрметті азаматы, ақын-жазушы, аудармашы Сатыбалдин Серік Қинаятұлының «Шыншыл бала» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға әдебиет сүйер қауым, ПМУ студентері, тұрақты оқырмандар және «Жас дарын» мен Кенжекөл орта мектебінің оқушылары қатысты. «Шыншыл бала» атты жаңа кітаптың тұсаукесер  мәртебесін Ақын, жазушы, ҚР және Монғолия Жазушылар одағының мүшесі Ақын Алақанұлы мен Әлібаев Қабидолла Әлиұлы жүргізді. «Шыншыл бала» кітабы балалар мен жасөспірімдерге арналса да, оның ішінде егде жастағы азаматтарға да арналған әңгімелер бар екенін келген қонақтар сөз қылды. Оқушылар мен студенттер жаңа кітаптан өлеңдері мен Кенжекөл орта мектебінің оқушылары Сағит Келдікайыр мен Самига Бексұлтанның орындауларында «Ағаш пен жібек құртының айтысы» шырқалды. Шара барысында жиналған қонақтар кеш иесі жайлы естеліктерімен бөлісіп, ой қозғады.  Қаламгердің шығармаларынан  ұйымдастырылған «Жазушы атаның жастарға тартуы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

Комментарии запрещены.