«Шығармашылық уақытпен үйлеседі»

26 сәуір күні № 21 ЖОББМ 7 сыныптың оқушыларына балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арнап, «Шығармашылық уақытпен үйлеседі» портрет-кеші өткізілді. 2024 жылы «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары ұсынылды. Жүргізуші жазушы Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады. Балаларға «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетілді. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар» повестері, сондай-ақ «Өлгендер қайтып келмейді» романы жазылған. Шара соңында «Қазақ әдебиетінің классигі — Бердібек Соқпақбаев» бейнефильмі көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.