«Шоқан Уәлиханов және Григорий Потанин — достық өмір жолдары»

22 ақпан күні Ленин кентінің №3 көпшілік кітапханасында Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Туған жер» арнайы жобасы және қалалық «Ертіс өңірінің маржандары»  жобасы  бойынша Г. Н. Потанин мен Ш. Уәлихановтың 185 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов және Григорий Потанин — достық өмір жолдары» тарих керуені іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында ұйымдастырушылар мен қонақтар, қазақ тарихшысы, этнограф, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың және орыс тарихшысы, ботаник, географ, публицист, фольклоршы Григорий Николаевич Потаниннің байланысы туралы әңгімеледі. 2 курс студенті ППУ Байтұрсынұлының орындауында «Түрікмен» күйі шырқалып, №33 мектептің 8 сынып оқушысы Дорнгоф Растислав Ш. Уәлиханов туралы өлең оқыды, «Ш. Уәлиханов және Г. Н. Потанин: тарихта қалған іздері» атты бейнеролик көрсетілді. Іс-шараның құрметті қонақтары: Әлиева Гүлжайнат Мағазқызы – Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары; Кожокар Виталий Александрович – «Павлодар география үйі» ҚБ директорының орынбасары, георафия магистрі, № 8 лицей-мектебінің география пәні мұғалімі; Ерсін Қасқиұлы Тақырбасов — Білім беру үздігі, Қазақстан Академия Суретшілер одағының корреспондент-мүшесі, Павлодар облысы білім беру тарихы мұражайының негізін қалаушы, Ш. Уәлихановтың жеке тұлғасымен әуестенген адам; Борман Владимир Густавович — «Павлодар география Үйінің» мүшесі. Іс-шара 50 адамды қамтыды.

Комментарии запрещены.