«Шәкен Айманов — ұлт өнерінің айбыны»

№ 3 көпшілік кітапханада 08.02. сағат 12.00 — де «Шәкен Айманов — ұлт өнерінің айбыны» атты тақырыптық іс-шара өтті. Мақсаты: қазақ актері, режиссері, қазақ халық әртісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградасының лауреаты, ҚазКСР Халық әртісі, ҚазКСР мемлекеттік наградасының лауреаты Шәкен Аймановтың шығармашылығымен таныстыру болды. Қатысушыларға қазақстандық кинематографтың алтын қорына енген оннан астам жарқын, қызықты, ұмытылмас кинофильмдер түсірген ұлы актердің өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды. Шәкен Аймановқа арналған «Киноға арнаған ғұмыр» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде әріптестері мен достарының ол туралы естеліктері жазылған кітаптар, Ш. Аймановтың шығармашылық және күнделікті өміріндегі фотосуреттері бар кітаптар мен журналдар, қазақ кинематографының атасы болған Шәкен Кенжетайұлы туралы әдебиеттер ұсынылды.

Комментарии запрещены.