П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапханада ақпанның 14 күні «Алтын дөңгелек» жобаны іске асыру аясында қазақ режиссері, актері Ш.Аймановтың 105 жылдығына арналған «Ш.Айманов әлемі» атты кино кеші өтті.
Іс-шараға бір апта бұрын коворкинг орталығында қазақтың актер, режиссер Ш. Аймановтың фильмдері көрсетілген болатын.Жүргізуші-кітапханашылар Айкен Айтмағамбетовна Жұмабекова және Наталья Николаевна Чирикова Шәкен Аймановтың өмірбаяның, шығармашылығын екі тілде таныстырды.
Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталғанын айтып өтті. Павлодар қаласында Ш.Айманов атындағы кинотеатр ашылғаны жайлы айта кетті. Қазіргі уақытта мұражайда Ш.Аймановқа арналған көрме де бар. Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы басшысының орынбасары Мақзия Қайырбековна Абенова сөз сөйледі. Оның сөзі әрі актер,әрі режисссер Ш.Аймановтың өмірі мен шығармашылығы жайында «Дархан дарын» атты слайд-бағдарламасымен тамашаланды. Соңында Ш. Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі көрсетілді
Шараға технологиялық колледж және химико-механикалық колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты.Қатысқандар саны: 58 адам.