Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған конференция өтті

25 тамыз күні Орталық қалалық кітапханада Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған конференция өтті. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Семей полигонындағы сынақтарды тоқтатып, ядролық қарусыздануға алғашқы болып қадам жасады. Биыл осынау айтулы оқиғаға 30 жыл толды. Іс-шараға қала әкімі Асайын Байханов, қоғам белсенділері, сондай-ақ, жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Невада-Семей ядролық қаруға қарсы қозғалысының бастамашысы Олжас Омарұлы Сүлейменов дөңгелек үстелдің құрметті қонағы болды, ол ZOOM-конференция арқылы байланысқа шықты. Іс-шара соңында Невада-Семей қозғалысының белсенділері 30-жылдығына арналған арнайы медальмен марапатталды.

Комментарии запрещены.