Тамыздың 16 күні №4 балалар кітапханасының оқу залында тұрақты оқырмандарға «Рухани жаңғыру» аясында «Невада – Семеи» ядроға қарсы қозғалысының 30-ж.арналған «Семей полигоны – ядролық апат» атты тарих сағатын өткіздік.
Шараның мақсаты: Семеи ядролық полигоны туралы, ядролық сынақтардың салдары туралы, экологиялық проблемалар туралы айту және қоршаған ортаға ықыласпен қарау.
Шараның бағдарламасында Семеи ядролық полигонының тарихы, «Өмірді тандаған ел» бейнежазба, «Невада-Семеи» қозғалысымен және оның жетекшісі ақын Олжас Сүлейменовпен таныстыру, «Тарихымыздың жолдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Полигонның құрбандарына арнап кітапхананың оқырмандары Плитко Марина және Нигматулина Арина «Жапон тырнасы» атты өлеңін оқыды, Рыспаева Адина «Нарагач» күйін орындады, Плитко Марина «Туған жер» әнін шырқады. Балалар барлығы оригами техникасы арқылы «жапон тырнасын» жасауға белсене қатысты. Әр бала жасаған тырнасына өз тілектерін жазды. Тілектері әр түрлі болды: «Бейбітшілік болсын», «Достық болсын», «Ешкім ауырмасын! , «Тек «5» ғана оқу», «Қарындасы жазылып кетсін» т.б. Қатысқан 20 бала.