Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапханада №17 ЖОМ 7 сынып оқушыларымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті. 1997 жылдан бастап 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл күні сталиндік қуғын-сүргін, аштық және депортация жылдарында жазықсыз қаза тапқан адамдар еске алынады. Тарихшылар қазақ халқының шамамен 2 млн. өкілі 1931-1932 жылдардағы жаппай ашаршылықтың құрбаны болғанын, сонша адам ата-баба жерінен кетуге мәжбүр болғанын атап өтеді.