«Сарыарқаның рухани лидері»

2021 жылдың 8 қараша күні М. Жаманбалинов атындағы  орталық балалар кітапханасы Instagram және Фэйсбук жазылушыларына Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде Исабек ишан кесенелік кешені туралы «Сарыарқаның рухани лидері» бейнепанорамасын онлайн форматта өткізді. Исабек ишан хазірет – діни қызметкері, Ихсан ілімін алғаш таратушылардың ұрпағы, философ, ағартушы. Ол Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің рухани тәлімгері ретінде де танымал, Исабек Ишан оны хадистерге үйретіп, Бұхара медресесіне оқуға жіберген. Хазіреттің кесенесі Павлодар облысы Екібастұз ауданы Ақкөл ауылында орналасқан. Кесене 2010 жылы тұрғызылған. Ол ақ тастан салынған екі кесенеден, мешіт және табынушылар үйінен құралған кешенді құрылыс. Қараулар саны: 70

Комментарии запрещены.