«Сарабдал суреткер»

21.12.2022 ж. Орталық қалалық кітапханасы Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің 9-сынып оқушыларымен жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «ПЕН-клубы» және платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, қоғам қайраткері Дулат Исабековтың 80 жылдығына орай «Сарабдал суреткер» атты әдеби сағатын өткізді. Іс-шарада 60-жылдарда қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен келген классик жазушылардың қатарындағы көзі тірісі Д. Исабековтың өмірі, бүгінде көптеген прозалық кітаптар мен жиырмаға жуық драмалық туындыларды, киносценарийлер мен мақала, эсселерді дүниеге әкелген. Драматург-жазушы Д. Исабековтың туған жерінде ашылған кітапханасы, сонымен қатар, қарымды қаламгердің мемлекеттік және шетелден алған наградалары мен марапаттары жайлы айтылды. Оқушылар назарына ұсынылған  «Шығармашылықтың шыңына жеткен шебер» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, слайд және «Сарабдал суреткер»  бейнефильмі ұсынылды. Іс-шара соңында тақырып бойынша сұрақтар–жауап ойыны өткізілді.

Комментарии запрещены.