«Сақта жолдың тәртібін!»

2021 жылдың 17 маусым күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының коворкинг залында жазғы демалыс кезінде № 19 ЖОББМ-нің бастауыш сынып оқушыларына арналып «Сақта жолдың тәртібін!» танымдық ойын-сайысы өткізілді. Балалар көркем безендірілген залда барлық тақырыптық ойынға, сұрақ-жауаптарға белсенді қатысып өз білімдерін көрсетті. Оқушылар керекті сабақтан басқа өздеріне қызықты мәліметтер алып жақсы көңіл-күймен тарқасты. Шара соңында «Сақтансан, сақ боласың!» суретті кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Комментарии запрещены.