Сан түрлі құстар әлемі

2023 жылы 12 сәуір күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында № 5 ЖОББМ-ның 3 «в» сынып оқушылары үшін құстарға деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында және «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Сан түрлі құстар әлемі» танымдық-ойын бағдарламасы өтті. Мақсаты: құстарға деген сүйіспеншілікті ояту. Кітапханашы құстарды табиғатқа және адамға қандай пайда әкелетінін айтты.  Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 56 түрі енгізілгенін, құстар өмірінен алынған таңғажайып фактілермен танысты Балалар құстармен қандай халықтық белгілер байланысты екенін еске түсіріп, сонымен қатар адам мен құстың қандай қасиеттерін салыстыруға болатынын түсіндірді. Жүргізушілер құстар туралы жұмбақтар шешіп, «Құстар ұшып келді…», «Ала қанат сауысқан» ойындарын және «Ертегіні тап» сұрақ- жауап ойынындарына белсене қатысты. Іс-шара соңында «Құмсалғыш» мультфильмдерін көрумен аяқталды.

Комментарии запрещены.