17 маусымде М.Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасында № 5 ЖОБ мектеп лагері оқушыларына арналған «Сан түрлі құстар әлемі» танымдық-ойын бағдарламасы өтті.
Жүргізуші Л.С. Микушина құстарды табиғатқа және адамға қандай пайда әкелетінін айтты. Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 56 түрі енгізілгенін, құстар өмірінен алынған таңғажайып фактілермен танысты. Балалар қандай ұлттық белгілер құстармен байланысты екенін еске түсірді, сонымен қатар адам мен құстың қандай қасиеттерін салыстыруға болатынын түсіндірді. Жүргізушілер құстар туралы жұмбақтар шешіп, «Құстар ұшып келді…», «Ала қанат сауысқан» ойындарын және «Ертегіні тап» сұрақ- жауап ойынын өткізді. «Тырна» мультфильмін көріп, біздің қанатты достарымызды қорғауға шақыру арқылы танымдық-ойын бағдарламасы аяқталды. Құрастырушы – 27 адам.