«Салты солай Наурыздың…» этнографиялық кеш

18.03.2022 ж. Орталық қалалық кітапхананың О.Сүлейменов атындағы оқу залында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Салты солай Наурыздың…» атты этнографиялық кеш өтті.

Аталмыш шараға «Сағым жылдар» ансамблінің мүшелері, кітапхана қызметкерлері, сонымен қатар Павлодар педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі студенттері мен музыкалық колледждің студенттері қатысты.

Шара барысында «Сағым жылдар» ансамблінің мүшелері қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары «Үкі тағу», «Сырға салу», «Қамшы ілу» жайлы салт-дәстүр үлгілерін көрсетті.

Аталған кеште қазақтың салты бойынша шашу шашылды, жыл басында, ғаламда, табиғатта болатын өзгерістерге сай сауалдар қойылды, салт-дәстүр көріністері көрсетілді, бата берілді және шағын концерттік бағдарлама болды.

Сондай-ақ кітапхана қорындағы кітаптардан «Наурызым – дәстүрлі ізгілігім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.