№2 балалар кітапханасында қазақтың көрнекті театр және кино актрисасы, КСРО халық әртісі Фарида Шәріпованың туғанына 90 жыл толуына арналған «Сахна аруы – Фарида» өнер сағаты өтті. Шара барысында өнер иесінің өмір жолы, шығармашылық қызметі, театр сахнасындағы жарқын образдары мен кино әлеміндегі айтулы рөлдері туралы кеңінен айтылды. Фарида Шәріпованың қазақ өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі мен қайталанбас актерлік шеберлігі насихатталды. Кеш барысында актрисаның өнер жолына арналған ақпараттар, естеліктер мен бейнематериалдар ұсынылып, қатысушылар қазақ театры мен киносының дара тұлғасының шығармашылығымен танысты.
















