5 мамыр күні № 15 көпшілік кітапханасы облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей интернаттың 8-9 оқушыларына Жеңіс күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты әдеби сазды- композиция өткізді.
Мерекелік шараны жүргізген 9 сынып оқушысы Байтанат Батырхан мен кітапхана меңгерушісі Рахымгалиева Лида Тулеповна жиналғандарды Жеңістің 73 жылдығымен құттықтап, соғыс жылдарындағы адамдардың ерлігі мен барлық халықтың басына түскен қайғы-қасіреті, соғыста қаза тапқан, жараланған, хабарсыз кеткен адамдар мен балалардың жанқиярлық істері туралы әңгімеледі. Қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Маншүк Мәметова, батыр аталар Талғат Бегельдинов, Бауыржан Момышұлы және басқалардың асқан ерлігі туралы әсерлі баяндалды.
Шарада арнайы дайындалған «Жеңіс сәулесі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Павлодарлық Совет Одағының Батырлары туралы тағылымдық мәліметтер келтірілді. Ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсеткен жауынгерлер мәңгі есімізде сақталады. Біздің ата-баба ерлігі ешқашан ұмытылмайды.