«Мәңгілік алау» ерлік сағаты

4 мамыр күні № 7  мектепте № 17 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мен  Отан қорғаушылар күніне арналған «Мәңгілік алау» атты ерлік сағаты өтті. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен  таныстыру арқылы жас оқырмандардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

Кітапханашылар А. Қ. Жармғамбетова мен А. К. Қабылденова Ұлы Отан соғысы және жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, мерт болған асыл азаматтар мен даңқты батырлардың ерен ерліктері, сонымен қатар жерлес батырларымыз – М.Қайырбаев, Қ.Сұрағанов, Қ.Қамзин, С.Мүткенов туралы әңгімеледі. Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, батыр қыздарымыздың рухына арналған «Өшпес даңқ» атты слайд-презентация көрсетілді. 6 сынып оқушылары патриоттық тақырыптағы викторинаға  белсенді қатысты. Халқымыздың ерлік шежіресін жазған кітаптар таныстырылды. Қатысқандар саны – 20 адам

Комментарии запрещены.