«Рәміздер- елдігіміздің белгісі»

Маңызды әңгіме 3 маусым  күні «Рәміздер- елдігіміздің белгісі» — «Павлодар облысы ТЖД  өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ нің акт залында өткізілді. Шара екі тілде болды. Жүргізушілер №10 кітапхананың қызметкерлері  Н. Пихлик, Р. Займолда.

ҚР рәміздер күніне арналған  салтанатты шарамызды ҚР әнұранымен бастадық. Арығарай жүргізушілер еліміздің әрбір азаматы рәміздерін білу керек екендігін айтып өтті. Себебі елдігімізді танытатын рәміздер барлығымызбен өмір бойы бірге өмір сүреді. Мемлекеттік аса маңызды салтанатты шаралардың барлығында осы рәміздердің алатын орындары ерекше.

Қәзіргі уақытта рәміздеріміз әлемге әйгілі. ҚР  Конституциясының  34 Статьясында  былай делінген:  «ҚР әрбір азаматы, осы республиканың аймағында өмір сүріп жатқан кез келген азамат ҚР рәміздерін – ҚР Туын, ҚР Елтаңбасын, ҚР әнұранын құрметтеуге міндетті» делінген.

Арығарай жиналған өрт сөндіру қызметкерлерінің назарына «Елдіктің төл тұмары», бейнефильм көрсетілді, мұнда ҚР рәміздерінің қалыптасу тарихы және авторлары туралы мәліметтер берілді. Кітапханашылар тақырыпты кеңінен ашып әр рәмізге жеке- жеке тоқталып өтті.

Қасиетті Туымыздың БҰҰ алдында, ұшқыш Талғат Мұсабаевпен космоста, әлемнің көптеген жерлерінде болғанын айтып өтті. Рәміздердегі геральдикаларға да тоқталып, қандай мақсатта орналасқаны жайлы мәлімет берілді.

Маңызды әңгімеміз ҚР Елтаңбасына  ауысып, Елтаңбаның әр бөлігімен таныстырып өтті. Ондағы бейнеленген таңбаларға жеке жеке тоқталып өтті.

ҚР Әнұраны туралы кеңінен талқыланды. Екі рет өзгертілген Әнұран туралы жиналған қауым өз ойларын ортаға салды. Елтаңба мен Әнұранның  алатын орны қандай дегенде Әнұран «салтанатты ән» болып табылса, Елтаңба мен Ту мемлекеттің бейнесін сипаттайтын сыртқы көрініс.

Әнұранның басы 1956 жылдан бастау алған «Менің Қазақстаным» әнінің Әнұранға айналғаны көптің көңілінен шыққаны белгілі.

Маңызды әңгіме соңы әдеттегідей «Бәйге» сұрақтарымен аяқталды. Қызметкерлер белсене қатысып шара бойы алған мәліметтері бойынша жауап беруге тырысты. Назарларына кітапхана қорынан алынған кітап көрме ұйымдастырылды.Қатысқандар саны: 31 адам.

Комментарии запрещены.