«Рәміздер –ел беделі» блиц турнирі

4-маусым күні № 2 балалар кітапханасында №42 ЖОББМ жазғы лагерь тәрбиеленушілері үшін Рәміздер күніне орай «Рәміздер –ел беделі» атты блиц турнирі өткізілді. Шараның мақсаты – жастардың патриоттық сезімдерін ояту, мемлекеттік рәмідерді құрметтеуге үйрету. Шара мемлекеттік әнұранмен басталды. Одан әрі жүргізуші кітапханашы балаларды ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, оларға мемлекеттік Рәміздер әлеміне — Елтаңбаға, туға, Әнұранға шағын саяхат жасауды ұсынды, олардың әрқайсысы туралы айтып, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихына және ҚР 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңына негізделген оларды қолдану тәртібіне толық тоқталды. Шарада «Тәуелсіздіктің мақтаныш белгілері» атты бейнеролик пайдаланылып, рәміздер туралы мағлұмат берілді. Содан кейін балалармен блиц-турнир басталды. Екі топқа бөлініп, «Тәуелсiздiк» және «Рәмiздер» деп ат қойды. Турнир барысында қызықты ойындар жүргізіліп, түрлі сұрақтарға жауап берді.

ҚР рәміздері күніне орай кітапхананың оқу залында «Бейбітшілік пен үміт рәміздері» атты кітап көрмесі қойылды. Мұндай іс-шаралар балалар бойында патриоттық сезімін ұштайтыны сөзсіз.

Комментарии запрещены.