5 маусымда №4 көпшілік кітапханасы №18 мектептің жанындағы демалыс лагеріндегі балаларға Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған танымдық сағат өткізді. Шараны жүргізген кітапханашы Гүлнар Декдарбековна Мұхтарханова Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран, олардың шығу тарихы мен авторлары туралы әңгімеледі. 1992 жылдың 4 маусымы – ел тарихында ерекше мәртебелі күн. Республика Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және елтаңбасын бекітті.
Шара барысында барлығы қосылып Әнұранды шырқады, Отан тақырыбында викторина өткізіліп, елтаным саласындағы әдебиеттерге шолу жасалды. 10 бала қатысты.