Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы

20 сәуір күні N 43 орта мектептің 2, 3 сынып оқушыларына арналған «Ұлттық тәрбиесі – болашақ кепілі» жобасы аясында «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» атты тақырыптық кездесу өтті. Шара қонақтары «Сағым жылдар» ансамблінің әжелері болды. Олар қазақ отбасындағы бала тәрбиесі, қыз бала тәрбиесіндегі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар жайында сөз қозғады. Оқушылар асық ұлттық ойынына белсене қатысып, Н.Хасеновтың «Менің күн тәртібім», А. Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңдерін оқыды,  қыздардың ұлттық бас киімдерді киіп, шашбау тағып, ұршық, қоржын, қамшыны қарады. Шараға кітап көрмесі дайындалды.

 

Комментарии запрещены.