«Қыстайтын құстар»

«Кітаппен бірге өсеміз» жобасы аясында 16 қаңтарда №43 мектептің 1 сынып оқушыларына №4 балалар кітапханасының кітапханашылары «Қыстайтын құстар» атты танымдық сағатын өткізді. Балалар біздің өлкемізде қандай құстар қыстайтынын есіне түсірді, қанатты достар туралы жұмбақтар шешті, қыста құстарға қандай күтім жасау керектігін айтты: астау жасайды, жем салады. Кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасап, бірінші сынып оқушыларын энциклопедиялармен және жазушылардың қанатты әлем туралы әңгімелерімен таныстырды. Іс-шара соңында балалар ермексаздан «Суық торғай» аппликациясын жасады.

Комментарии запрещены.