«Қысқы көрініс» қолөнер шеберлік сағаты

Рождество мерекесі қарсаңында №3 көпшілік кітапхананың қабырғасында 05.01.2023 жылы сағат 12.00-де «Қысқы көрініс» қолөнерінен шеберлік сабағы өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың қысқы қыс қызықтары туралы теориялық білімдерін меңгерту және халық дәстүрлері туралы түсініктерін қалыптастыру, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын белсендіру. Балалар рахаттана қиып, жапсыруда өте қызық болды. Жаңа жыл, Рождество тақырыбына арналған кітаптарды тамашалап, көрмедегі кітаптарды оқыды, мерекенің тарихымен танысты. Шараға 15 бала қатысты.

Комментарии запрещены.