«Қысқы ертегілер жолында»

3-8 қаңтар аралығында «Өзің оқы және өзгені қызықтыр» жобасы аясында кітапхана қызметкерлері қыс мезгіліне арналған іс-шаралар өткізді. Осындай іс-шараларды өткізу балалардың қыс және қыс құбылыстары туралы білімдерін байытады, жұмбақ шешу арқылы логикалық ойлауын дамытады. 2024 жылдың 8 қаңтарында кітапхана оқырмандарына арналған «Қысқы ертегілер жолында» атты қысқы викторина өтті. Балалар қызығушылықпен қыс туралы жұмбақтар шешті, «По Щучьему велению», «Ақшақар», «Морозко» ертегілерін тамашалады. А.С.Пушкиннің «Вот север, тучи нагоняя», И.Суриковтың «Қыс» өлеңдерін тыңдады. Шара барысында қысқы ертегілердің үздік білгірлері анықталды.Іс-шара Г.Скребицкийдің «Четыре художника», «Маленький барсучонок», Е.Шима, «Жук на ниточке» және Н.Сладковтың «Рассказы о животных» кітаптары қойылған кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.

 

Комментарии запрещены.