«Қылқалам шебері»

17.11 № 2 балалар кітапханасының қызметкерлері № 25 ЖОББМ 3 «Б» сынып оқушыларына суретші-график, педагог, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Виктор Поликарповтың 85 жылдығына (15.11.1938 ж.) арналған «Қылқалам шебері» атты арт-терапиясын өткізді. Іс-шара барысында балалармен бірге «Павлодар қаласының № 2 балалар көркемсурет мектебіне» экскурсияға бардық. Ондағы мұғалімдер экскурсия жасап, мектеп тәрбиеленушілері салған суреттермен, картиналармен таныстырды. Кітапхана қызметкерлері В. Поликарповтың өмірбаянына, шығармашылығына шолу жасады. Іс-шара маңызды, пайдалы өтті деуге болады.

Комментарии запрещены.