«Құстар – кітаптың кейіпкері»

1 сәуір барлық құстарды жақсы көретіндер үшін айтулы күн. Бұл күні 1906 жылы Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қол қойылып, содан бері Халықаралық құстар күні ретінде аталып келеді. 01.04.2024 ж., сағат 12-де № 3 көпшілік кітапхананың кітапханашылары балаларға мерекенің тарихы туралы, өлкеміздің кейбір қауырсынды өкілдері туралы, құстар тіршілігінен қызықты деректер туралы айтып берді. Қатысушылар «Құстар – кітаптың кейіпкері» атты әдеби викторинаның сұрақтарына белсенді түрде жауап берді, құстар туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді, жұмбақтарды шешу арқылы құстарды шақыру өткізді, құстарды силуэттерінен танып, «Адамдарды неге кейбір құстармен салыстырады?» деген сұрақтарға жауап берді.

Комментарии запрещены.