«Қол өнер — мол өнер»

30 қараша күні №43 орта мектептің 3-4 сынып оқушылары үшін «Қол өнер — мол өнер» атты шеберлік сағаты өтті. Шараға Кенжекөл ауылындағы көпшілік кітапханасының меңгерушісі Амангүл Жұмабай шақырылды. Амангүл Жұмабай жұмыстан бос уақытында сүйікті ісімен айналысады, киізден бұйымдар жасайды. Бұл панно, тақия, суреттер, телефон қабы, бас киім т.б. Қонақ балаларға жүннен киіздің қалай басылатынын көрсетті. Шеберлік сабағында ол  кезең-кезеңімен көрсетіп, түсіндіріп, орындық жапқышын жасады. Оқушылар барлық процесті  қызығушылықпен, ықыласпен қарады. Шараға кітап көрмесі дайындалды.

 

Комментарии запрещены.