«Қазақтың қонақжайлығы – адамгершілік қасиеті»

Сәуірдің 15-і күні «Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі» жобасы аясында «Қазақтың қонақжайлығы – адамгершілік қасиеті» атты шараға келген №2 орта мектептің 4-сынып оқушылары қазақтың қонақжайлылық дәстүрлерімен танысты. Танымдық сағатының қонақтары «Сағым жылдар» ансамблінің әжелері Қалиева А.Х. және Уюқпаева У.Р Кітапханашылар қазақ халқының қонақжайлылығын, үйге келген әрбір қонақтың батамен келетінін, үйге құт-береке әкелетінін айтты. Қонақтарды қалай қарсы алу керектігін айтты: қонақты төрге отырғызады, түрлі тағамдар әзірлейді, сыйлықтар береді, т.б. Балалар қонақтарды қарсы алудың отбасылық дәстүрлерімен бөлісті.Олардың ойынша, адам баласы ақкөңіл де мейірімді, қонақжай және қамқоршы, ашық және кең пейілді болу керек, қонаққа құрметпен қарау керек. Балалар қазақтың қонақжайлылығы туралы көптеген танымдық және қызықты нәрселерді білді. Шара «Немерем» әнімен және «Шашу» дәстүрімен аяқталды. Шараға кітап көрмесі безендірілді.

Комментарии запрещены.