«Қазақстанның өсіп-өркендеуі…» қалалық онлайн-фотосурет байқауы

Байқаудың мақсаты:
1.Ұрпақтың патриоттық, жалпы мәдени және рухани құндылықтарын қалыптастыру.
2.Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге баулу.
3.Дарынды балаларды білу және қолдау.

Байқауды өткізуді ұйымдастыру
1. Байқау өткізу уақыты: 2021 жылғы 01 маусымнан 10 желтоқсанға дейін.
2. Байқауға 18 және одан жоғары жастағы барлық адамдар қатыса алады.
3. Байқауға қабылданатын суреттер (1 дана):
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері;
елдің көрікті жерлері, бірегей және естелік орындары;
Қазақстан халқының өмірінен қызықты сәттері.
4. Байқауға қатысушылар өздері туралы мәліметтерді (аты-жөні, жасы, әлеуметтік жағдайын) және байланыс телефондарын міндетті түрде ұсынады.
5. Қатысуға өтінім М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасына 54-93-04 телефоны арқылы қабылданады және фотосурет Instagram-дағы аккаунтта (cdb.pvl) жарияланады.
6. Қатысушылар фотосуреттерді Instagram-дағы аккаунттарына және #ҚРТәуелсіздігіне30жыл2021, #cbs.pvl, #фотоконкурс2021 хэштегімен жариялайды.

Байқау критерийлері
— байқау тақырыбына сәйкестігі;
— фотосурет сапасы;
— фотосуреттің көркемдігі, бірегейлігі және эксклюзивтілігі;

Марапаттау
— байқау жеңімпаздары төмендегі жас санаттары бойынша қазылар алқасының (Павлодар фотосуретшілері) дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады:
18 жастан 35 жасқа дейін;
35 жастан жоғары;
— фотосурет байқауына жіберілген жұмыстарға эксперттік баға қою келесі құрамдағы байқау комиссиясы мүшелерімен жүзеге асырылады:
Ұйымдастырушылар: «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Байланыс телефондары: 54-93-04, 55-34-49, 52-68-08
Айтмагамбетова Алмагуль Сериковна 87077579301
Мухутдинова Наталья Константиновна 7017572376
Кеңесбаева Гүлбану Калымовна 87054825265

Комментарии запрещены.