2019 жылғы 26 желтоқсанында сағат 11.00-де С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тұлға. Кітап. Заман» атты жобасының аясында Павлодар каласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ақын-жерлесіміз Павел Николаевич Васильевтің 110 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан Павел Васильевтің өмірі мен поэзиясында» атты әдеби кеш болып өтті.
Кешке қаламыздың құрметті азаматтары Серік Қинаятұлы Сатыбалдин, Мерц Закия Саясатовна, Корешкова Татьяна Сергеевна, Поликарпов Виктор Федорович, Кандыбаев Иван Иванович, Рафаэль Мұхамеджанов. Және № 9 мектеп-гимназиясының мұражай қызметкері Галина Знайдановна Байкенова шақырылды.