Алғыс айту күніне орай №43 мектептің 5 сынып оқушыларына «Қазақ еліме рахмет!» алғыс айту сағаты өткізілді. Он жылдан бері көктемнің бірінші күнінде достық, түсіністік және келісім мерекесі атап өтілуде. Осы күні Қазақстан халқы бір-біріне және қонақжай қазақ халқына қуғын-сүргін және қоныс аудару жылдарында көрсеткен толеранттылығы мен мейірімділігі үшін алғыс айта алады. Балалар мерекенің тарихын білді, «алғыс» сөзінің мағынасына ұқсас сөздер ойлап тапты, түрлі ұлттар туралы жұмбақтар шешті, «Біздің Отанымыз – Қазақстан» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Іс-шара соңында оқушылар қағаз жүректерге жақындарына қамқорлық пен махаббат үшін алғыс сөздерін жазды.
















