Қазақ даласының қайсар қызы

18 қазан күні № 2 балалар кітапханасының қызметкерлері № 25 ЖОББМ 2 сынып оқушыларына арнап Калинин майданының 100-ші жеке атқыштар бригадасының пулеметшісі, аға сержант, Кеңес Одағының батыры атағын алған бірінші қазақ әйелі Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай «Қазақ даласының қайсар қызы» ерлік сағатын өткізді. Балалар батыр апамыздың өмірбаянымен танысып, Ұлы Отан соғысы кезіндегі Мәншүктің ерлігі жайлы әңгіме естіді. «Мәншүк Мәметованың монологы» атты деректі фильмнен үзінді тамашалап, «Қазақ даласының қайсар қызы» кітап көрмесімен танысты. Еске алу құрметіне орай оқушылар Ахамай Бауыржанның «Мәншүкке арнау» өленің оқып, ақ қағаздан жасалған оригами-гүлдерді кітап көрмесіне қойды.  Қамту -25 бала.

Комментарии запрещены.