«Қазанғап би және оның Ертіс өнірінің тарихына қосқан үлесі»

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Орта жүздің белгілі биі, шешен Қазанғап Сатыбалдыұлы 250 жыл толуына байланысты «Қазанғап би және оның Ертіс өнірінің тарихына қосқан үлесі» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оқушыларға белгілі би, шешен Қазанғап Сатыбалдыұлының 250 жыл толуына байланысты өмірбаянына ақпарат беру, туған өлкенің тарихына қызығушылық ояту. №32 мектептің ұстазы Райгүл Кұнашқызы оқушыларымен шараға қатысты. Шара барысында кітапханашылар оқушыларды Қазанғап Сатыбалдыұлының өмірбаяны, Ертіс өңірінің тарихына қосқан үлесі туралы әңгімеледі. Кітапханашы Бейсенова А.М. бейнекөрсетілім жасады. «Бөріден шыққан, атағы жер жарған Қазанғап…» кітап көрмесіне,  «Ертістің Павлодар өңірі» энциклопедиясынан шолу жасалды.

Комментарии запрещены.