«Қазанғап би және оның Ертіс  өңірінің тарихына қосқан үлесі» дөңгелек үстел

8 қараша күні сағат 11.00-де №3 көпшілік кітапханасында «Қазанғап би және оның Ертіс  өңірінің тарихына қосқан үлесі» дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы тарихын  құрметтеуге тәрбиелеу. Шараға Павлодар қаласының құрметті азаматы Демесинов Махмұт Демесинұлы қатысты. Іс-шара барысында оқушылармен Қазанғап би Сатыбалдыұлының өмір жолы, еңбектері  айтылды. Қазанғап Сатыбалдыұлы 1771-1856 жылдары өмір сүріп, 1843-1848 жылдары Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, бәсентиін елінің төбе биі болған. Қазанғап қайырымдылық жұмыстармен айналысқан, мешіт-медреселер, мектеп салу жұмыстарын жүргізген. Іс-шараны қамту 20 адамды құрады.

Комментарии запрещены.