«Қарттарым, аман-сау жүрші» қонақжай кеші

Қыркүйектің 27-сі күні Кенжекөл ауылдық кітапханасының оқу залында ауыл тұрғындарына арналған Халықаралық қарттар күніне орай «Ата-аналар үйі – басталуы» — атты кеш өтті.

Кітапхана меңгеруші Кукентаева Күлжан Абдрахмановна, қатысшұларды осындай тамаша мерекемен құттықтап, біздің елімізде зейнеткерлер мен еңбек ардагерлеріне қандай көмек көрсетілетіні туралы айтты. Бағдарламаны Кенжекөл Орта мектебінің оқушылары Н.Досымханов, А. Носик, Н.Морош, А.Исенова, Н.Бекенова және А.Вайц: «Алақанды жылытып әжімдерді жазамыз» — деген әдеби композициямен жалғасты.

«Жақсылық және құрмет күні» — деген бейне фильмді сүйсіне қарап, «Сіздің өміріңіздің құпиялары» деген кітап көрмесімен танысты. «Жастық шақты еске түсіреміз» — ойын бағдарламасына қатысып, хош иісті шай ішіп, жас кезіндегі әндерді және қызықты оқығаларды еске алып, қонақтарымыз көңілді отырды. Қатысқан адамардың саны – 30 оқушы.

Комментарии запрещены.